«Сыни тұрғыдан ойлау функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың әдіснамалық негізі және лицей оқушыларының негізгі құзіреттіліктері» атты проблемалық-іздеу тақырыбын қорытындылау бойынша қалалық семинар
2019 жылғы 7 желтоқсанда «Экономикалық лицей» КММ-де магниттік мектептер желілік қоғамдастығының жұмыс жоспары аясында лицейдің «Сыни тұрғыдан ойлау функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың әдіснамалық негізі және лицей оқушыларының негізгі құзіреттіліктері» атты проблемалық-іздеу тақырыбын қорытындылау бойынша қалалық семинар өтті.
Әдістемелік іс-шараның мақсаты - лицейдің оқу тәжірибесінде сыни ойлау стратегияларын қолдану бойынша мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін таныстыру.
Семинарға №1, №9, №10, №17, №19, № 20, Пригород жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты. Барлығы 57 ұстаз келді. Семинардың модераторы, лицей директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Р. Н. Искакова семинардың басында педагогикалық ұжымның проблемалық-ізденіс тақырыбы бойынша жұмыс кезеңдерін қысқаша сипаттады, оның нәтижелі тұстарын атап өтті.
Экономикалық лицей педагогтары семинарға қатысушылармен келесі пәндер мен тақырыптар бойынша шеберлік-сыныптары мен демонстрациялық сабақтар өткізді:
№ | Пән | Өткізу түрі, тақырыбы, сыныбы | Мұғалімнің аты-жөні |
1 | қазақ әдебиеті | Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы қолданылған демонстрациялық сабақ «Абай Құнанбайұлының бірінші қара сөзі». | Аманбаева А.С. |
2 | қазақ тілі мен әдебиеті | «Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен негізгі құзіреттілігін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары арқылы қалыптастырудың тиімді тәсілдері» шеберлік сыныбы | Мукушева Г.М. Сулейменова Г.С. Саликова Ж.К. Касымбекова С.М. Сейфулина А.Т. |
3 | орыс тілі мен әдебиеті | «Возможности использования графических органайзеров в практике преподавания гуманитарных предметов» шеберлік сыныбы | Подольская И.А. |
4 | математика | «Сабақта және сыныптан тыс жұмыста сыни ойлау стратегияларын қолдану арқылы математикалық және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» шеберлік сыныбы | Парецкая М.А., Байдюсенова Л.Б., Рахметханова А.А. Дранная Н.А. |
5 | информатика | «Информатика сабағында сыни ойлау стратегияларын қолданудың артықшылықтары» шеберлік сыныбы | Берникова Л.Л. Муршель Т.В. |
6 | физика | "Физика сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралы ретінде көрсетілім тапсырмалары мен бағалау тапсырмалары" шеберлік сыныбы. | Агафонова Е.Я. |
7 | физика | «Дүниежүзілік тартылыс заңы» сыни ойлау стратегиялары қолданылған демонстрациялық сабақ, 96-топ. | Жолтабарова Ш.М. |
8 | жаратылыстану | «Жаратылыстану бағытының сабақтарында сыни ойлау стратегияларын қолдану тәжірибесінен» шеберлік сыныбы | Краснолобова Е.В. Сакенова Г.К. |
9 | Жаратылыстану | «Заттардың пайда болуы мен алынуы» ашық сабағы | Бексемуратова А.З. |
10 | Қазақстан тарихы
| "Тарих сабағында сыни ойлау стратегияларын қолдану тәжірибесінен" әдістемелік алаңы
| Жилкова С.А Идрышева Г.С. Балыкбаев М.М. Изатова Г.Б. |
11 | Көркем еңбек | «Тимбилдинг» стратегиясын «Көркем еңбек»пәнін оқыту тәжірибесінде қолдану» шеберлік сыныбы. | Тускеева М.В. Балагозинова С.К. |
12 | Дене шынықтыру | «Тимбилдинг» стратегиясы қолданылған көрсетілім сабағы. | Казангапов А.А. Уразаков Б.Б. Сорокина А.Ю. Лыткин В.Н. |
Рефлексия кезеңінде айтылған қатысушылардың пікірлері мен шығыс сауалнамасының қорытындылары бойынша, семинар әдістемелік тұрғыдан өте жоғары ұйымдастырылған. Өзекті тақырыптар талқыланып, ұстаздардың кәсіби даму үшін пайдалы, ақпараттық мазмұнды, қызықты әрі құнды болды.