«Экономикалық лицей» КММ ашық есік күні » КГУ "Экономический лицей"
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Экономикалық лицей» КММ ашық есік күні
26
март
2019

«Экономикалық лицей» КММ ашық есік күні

«Экономикалық лицей» КММ ашық есік күні

2019 жылдың 13 наурызы күні Экономикалық лицейде «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Н.А. Фесенконың, білім бөлімінің әдіскерлері мен мамандары, қаламыздың мектеп, лицей, гимназияларының директорларының қатысуымен Ашық есік күні  өткізілді.   

Іс-шараның мақсаты – лицейдің оқу жоспарының вариативті компоненті арқылы лицей оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс тәжірибесін таныстыру.  

Іс-шараның ашылу салтанатында ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Н.А. Фесенко, «Экономикалық лицей» КММ директоры Н.Р.Хамидуллина сөз алды. 

      Шақырылған қонақтарға лицей оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының  және мұғалімдердің әдістемелік материалдарының көрмесі ұсынылды. 

Қатысушылар   келесі тақырыптарда іс-шаралар ұйымдастырылған 

9  алаңның жұмысына қатысты: 

1)  «Біздің өміріміздегі пайыздар» (экономикалық сипаттағы математикалық есептерді шешуге бағытталған ойын-сайыс).

Математика мұғалімдері:

Байдюсенова Л.Б., Дранная Н.А.

          2)   Робототехника» курсы лицей оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауының бір құралы, тетігі ретінде» (робот үлгілерін көрсету).

Информатика мұғалімі - Муршель Т.В.

3) «Бізді қоршаған физика» (бағалау тапсырмалары мен көрсету тапсырмаларының таныстырылымы).

Физика мұғалімі -   Агафонова Е.Я.

4) «Физикадан практикалық жұмыстар» (арнайы курс сабағынан үзінді).

Физика мұғалімі – Жолтабарова Ш.М.

5)«Химия сабағынан жобалық жұмыс» (лицей оқушыларының зерттеу жобаларын көрсету).

Химия мұғалімі – Мурсалимова О.В.

 6)   «Биологиядан практикалық тәжірибелер» (арнайы курс сабағынан үзінді).

Биология мұғалімі –  Мельник М.С.

7) «Ұлы даланың жеті қыры» (тарих сабағынан білгірлер сайысы).

Тарих мұғалімдері: Искакова Р.Н., Идрышева Г.С., Балыкбаев М.М.,   Жилкова С.А.

8)  «Туған жер - алтын бесік» (туған өлкенің тарихы бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі зияткерлік ойын).

Мұғалімдер:Омарова Ж.К. (қазақ тілі), Мейер Е.В. (орыс тілі), Седых Д.В. (ағылшын тілі).

9) «Ертегінің астары» (А.С.Пушкиннің ертегілерінің мазмұны бойынша зияткерлік ойын).

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері:  Подольская И.А., Сарсенбаева А.У.

Денешынықтыру мұғалімдері Лыткин В.Н., Сорокина А.Ю.  қонақтарға арнап «Бойжазар» флешмобын  ұйымдастырды.  

Қазақ тілі мұғалімі Аманбаева А.С. 5-сынып оқушыларымен  қонақтарға арнап «Бақыт дегеніміз не?» әдеби-музыкалық қойылымын ұсынды. 

Іс-шараның соңында іс-шараға қатысты пікір алмасу өткізіліп,  қонақтар тарапынан лицей оқушыларының функционалдық сауаттылығы мен құзіреттілігін  дамыту, оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін ашу үшін қолайлы орта қалыптастыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмысына жоғары баға берілді.