Қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІІІ республикалық қашықтық олимпиадасы » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІІІ республикалық қашықтық олимпиадасы
10
январь
2019

Қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІІІ республикалық қашықтық олимпиадасы

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарын орындау барысында, ақыл-ой және рухани дамудың қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Ұлттық тестілеу орталығының КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІІІ республикалық қашықтық олимпиадасы үстіміздегі жылдың 08-09 қаңтары аралығында Астана қаласында өткізілді. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең On-line режимде өткізіліп, 1423 оқушы қатысты. Екінші кезеңге бірінші кезеңнің жеңімпаздары шақырылып, 63 оқушы бақ сынады. Осы олимпиадаға қатысып лицейіміздің намысын қорғаған 55-топ оқушысы Бережнева Вероника ІІ дәрежелі дипломпен марапатталды.