Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында заманауи мектептегі дарынды, ынталы оқушылармен жұмыс » КГУ "Экономический лицей"
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында заманауи мектептегі дарынды, ынталы оқушылармен жұмыс
21
август
2019

Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында заманауи мектептегі дарынды, ынталы оқушылармен жұмыс

 
 Білім – өмір сүрудің құралы емес;

 білім  - өмірдің өзі.

Джон Дьюи

Қазіргі таңдағы білімнің әмбебаптығына қойылатын талаптардың өсуі мен оқушылардың рухани мәдениет деңгейін көтеру қажеттігі -    лицейдің педагогикалық ұжымының  заманауи білім беру мақсаттары мен міндеттеріне сай келе отырып, мән беретін басымдықтары.     

Бала бойындағы дарындылықты сақтап қалу және дамыту – біздің қоғамымыз үшін маңызды мәселе. Заманауи жалпы орта білім беретін мектеп оқушылардың зияткерлік қабілеттерінің кең ауқымына ие. Аталмыш мәселені шешу үшін келесі міндеттер қойылды: дарынды оқушыларды зияткерлік,  адамгершілік, физикалық тұрғыда дамыту үшін барынша қолайлы орта қалыптастыру; дарынды оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жігерлендіру, олардың жеке шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау. 

Бүгінгі таңдағы басты талап – адамның жоғары белсенділігі ғана емес, сондай-ақ оның ерекше ойлау қабілетінің болуы. Оқушылардың дарындылық мәселесі – педагогиканың қатардағы, күнделікті мәселесі емес.   Бұл мәселе біздің еліміздің болашағымен, біздің бітірушілеріміздің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуымен тығыз байланысты. Дарынды балалардың шығармашылық әлеуетін арттыра отырып, біз бүгін болашаққа – ғылымның, мәдениеттің және жастардың ғана емес, барлық қоғамның әлеуметтік өмірінің дамуына жол саламыз. 

Дарынды балалар – біздің байлығымыз. Дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмысты ұйымдастыру «Экономикалық лицей» КММ бесінші сыныптан бастап жүзеге асырылатын өзекті мәселе болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау үшін «2015-2020 жылдарға арналған дарынды және қабілетті лицей оқушыларымен жұмыстың «РОСТ» кешенді-мақсатты бағдарламасы» жүзеге асырылады, қолданбалы курстар, арнайы курстар, факультативтер, тренингілік бағдарламалар өткізіледі. Оқушыларға өткізілетін тренингілер:

7-сынып   – «Зияткерлік және қарым-қатынас дағдыларын дамыту»;

8-сынып   – «Өзіңе дос табудың жолдары»;

9-сынып   – «Уақытты дұрыс қолдануды қалай үйренуге болады?»;

10-сынып   – «Өз-өзіңе сенімділікті арттыру құпиялары»;

11-сынып   – «Өз-өзіңді басқаруды үйрен»;

Жоғары сынып оқушылары үшін – «Шығармашыл тұлғаның дамуы»;

«Болашаққа назар салу» кәсіби өзін-өзі анықтау тренингісі. 

         Интеллектуалдық және танымдық қабілеттерді дамыту үшін таңдау курстары өткізіледі: 

5-сынып   – математика пәнінен «Логикалық есептерді шығару» элективті курсы;

6-сынып   –  «Логикалық есептерді шығару» элективті курсы;

7-сынып    «Математикалық логикалық есептер» элективті курсы;

8-сынып   – «РОСТ»(Зерттеу негіздері)»  элективті курсы, «Логикаға бағытталған математкалық есептерді шығару» таңдау курсы;

9-сынып   – «Қиындық деңгейі жоғары физика есептерін шығару практикумы» элективті курсы;

10-сынып    «Зерттеушілік химия бастаулары» элективті курсы;

11-сынып   – «Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихы» арнайы курсы.

5-11-сыныптардағы барлық оқушыларға психолого-педагогикалық қолдау көрсетіледі.  

Оқу қызметін ынталандыру, сабаққа қызығушылығын арттыру және танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында лицейде дәстүрлі «Жыл Лицеисі» сайысы өткізіледі. Мақсаты – лицей оқушысының интеллектуалдық дамуы, оқу қызметін жігерлендіру, білім сапасын арттыру үшін мүмкіндік жасау. 2018-2019 оқу жылында сайысқа 5-11сынып оқушылары қатысты. Қала, облыс, республика, халықаралық деңгейдегі сайыстардың   қатысу қорытындылары және жүлделі орындары есепке алынды. Аталмыш сайыс 2018-2019 оқу жылы бойы оқу үлгерімі рейтингісін жоғарылатуға септігін тигізді. 

Оқушылардың дамыған зияты, шығармашылық мүмкіндіктерінің жоғары деңгейі мен белсенді танымдық қажеттілігінің болуы сынды ерекшеліктері «дарынды» деп атауға болатын оқушылардың бар екеніне айғақ болып табылады. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қажет дағдыларды қалыптастыру үшін атқарылуы тиіс жұмыс түрлері:

- оқу материалдарын толықтыру, яғни білім мазмұнын жаңарту және кеңейту;

- оқушылардың танымдық қабілеттерін жігерлендіру;

- арнайы жоспар бойынша жұмыс істеу;

- саралап жұмыс істеу, оқушлармен жеке жұмыс жүргізу және жүйелі түрде кеңес беріп отыру;

- педагогикалық шешімдерді ақылға салып, сараптап қабылдау;

- ұжымдық шығармашылық жұмыстар үшін материалдарды іріктеу және дайындау.

Мұғалімдер сабақ жоспарына қабілетті және дарынды оқушылар үшін арнайы әзірленген ілгері деңгейдегі тапсырмаларды енгізеді.

        Дарынды балаларды анықтау – нақты бір баланың дамуын сараптаумен байланысты ұзақ үрдіс. Бұл даралап оқыту барысында дарынды оқушыларды жүйелі анықтау мен біртіндеп, кезең-кезеңмен дамытуға күш жұмсауды қажет етеді. Біздің мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары түрлі бағыттарда жүргізіледі: мұғалім лицей оқушылымен жеке бағдарлы парақтар бойынша жұмыс істейді; «Дарынды балалар» бағдарламасы түрлі деңгейдегі олимпиадалар конференцияларға оқушыларды дайындау, ОҒҰ жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

      Шәкәрім атындағы СМУ химия, қазақ тілі, орыс әдебиеті және тағы басқа пәндер кафедраларымен әріптестікте жұмыс жасаймыз. 2018-2019 оқу жылында ғана оқушылардың түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, қалалық және Халықаралық ғылыми-практикалық сайыстарға қатысу барысында иеленген жүлделі орындары біздің жұмысымыздың нәтижелі екендігін көрсетеді:

- ғылым негіздері бойынша олимпиададан 39 жүлделі орын; 

- пәндер бойынша аймақтық олимпиададан 16 жүлделі орын;

- Экономиадан Республикалық турдың облыстық кезеңінде 3 жүлделі орын

- Республикалық олимпиадаларда қазақ тілінен 2-орын, математикадан 1,2-орын

- Новосібір мемлекеттік университетінде өткізілген Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда химиядан 3-орын, «Мемлекет және құқық» пәнінен 3-орын;

- Компьютерлік ойлау мен информатика бойынша Халықаралық сайыстан 3-орын; 

- Жыл сайын лицей командасы Республикалық оқушылардың ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңінде бірінші не екінші орынды иеленеді, мысалы, 2018-2019 оқу жылында:

- оқушылардың ғылыми жобалары сайысының қалалық кезеңінде – 8 жүлделі орын;

- ғылыми жобалардың облыстық кезеңінде – 2 жүлделі орын алды.

Жыл сайын лицей оқушылары барлық спорттық және көркемөнерпаздар сайыстары мен олимпиадаларына қатысады. Біз шахматтан өз жас тобында Халықаралық деңгейде бірнеше дүркін чемпион болып табылатын 9-сынып оқушысы Исанжулов Арыстанды мақтан тұтамыз.

Мектеп әкімшілігі, білікті педагогтер мен дарынды оқушылардың бірлескен жұмысының нәтижесі оқушылардың нақты жетістіктері арқылы көрінеді. Үлгерімі жоғары оқушылармен жұмыс оқушылардың барлық пәндер бойынша білім сапасын жоғарылатуға мүмкіндік тудырды. 

Жыл сайын лицейдің ғылыми-практикалық конференциясының жұмысы сегіз секция бойынша жүзеге асырылады. Лицей оқушыларының жұмысына сараптамалық бағаны қаланың ЖОО мен колледждерінен шақырылған әділқазы алқалары, ата-аналар қауымы береді, сондықтан бұл конференцияға қатысу ары қарай қала, облыс, Республика деңгейіндегі ғылыми жұмыстармен айналысуға оңтайлы бастама болып табылады. 

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың бір түріне мысал келтіре кетсек, жоба авторлары өз зерттеу жұмыстарын мұғалімдер мен лицей оқушыларының назарына ұсынып, өз жұмысына қалыптастырушы бағалау алып, жобаның тұсаукесері мен мазмұнын жақсарту жөнінде ұсыныстар ала алады. Оқушылар ғылым фестивалі барысында авторларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, көрме материалдарымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Еркін пікір алмасудан кейін, барлық пәндер бойынша жобалармен танысқаннан кейін оқушылардың зерттеу жұмысына деген қызығушылығы, зерттеу, зерделеу, танып-білуге деген құштарлығы   оянады.  Аатлмыш фестивальдің оң салдары ретінде лицей конференциясына қатысуды атап өтуге болады. Осылай 2018-2019 оқу жылында алғаш рет 6-7 сынып оқушыларының – 76%, 8-сыныптардың -  100%-ы қатысты. 

Біздің мектебіміздің әкімшілігі мен педагогтерінің өз алдарына қойған мақсаттарының бастысы  - зияткерлік еңбекке қабілетті оқушылардың оңтайлы дамуы үшін жоспарлы және мақсатты әрекеттер жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру, дарынды оқушыларды оқыту үшін дамыған білім беру ортасын ұйымдастыру. 

Дарынды баланы оқыту, үйрету қызықты әрі қиын. Жауапты әрі күрделі жұмысқа деген бала қызығушылығын ояту, талғампаздығын табандау үшін баланы өз еркімен еркін ойлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, бала бойында қиялды дамыту, SMART-мақсаттарды игерту керек. Мұғалімнің басты міндеті – оқушыны зерттеу әлеміне жетелеу,  мәселені айқындап көру, міндеттерін айқындау, сапалы жаңа идеяларды ұсыну.  

Қорыта келер болсақ, мұғалімнің дарынды, ынталы оқушылармен жұмысы – қиын да күрделі, жеке тұлғаға бағытталған және ешқашан толастамайтын үрдіс. Бұл мұғалімнің өз шығармалық әлеуетін, жеке дамуын, пән бойынша білімін тереңдетуді, дарынды оқушылар психологиясы және оларды оқыту саласында білімін жаңартып отыруды  қажет ететін үрдіс, сондай-ақ психологтар↔  мұғалімдер↔әкімшілік↔ата-аналардың бірлескен тығыз жұмысының нәтижесі. 

Дарынды оқушылармен жұмысты біз жаңа, сапалы білім беру деңгейіне өту мүмкіндігі ретінде, оқушыға өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін, өзін-өзі дамытуға, өмірдегі басты шешімді қабылдауға, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие болу үшін өз күшін бағалауға жағдай тудыратын тәжірибелік іс-шара ретінде қарастырамыз.