ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ / КАЛКАМАН САРИН ПРОВЕЛ «ЧАС ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ» » КГУ "Экономический лицей"
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ / КАЛКАМАН САРИН ПРОВЕЛ «ЧАС ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ»
02
февраль
2021

ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ / КАЛКАМАН САРИН ПРОВЕЛ «ЧАС ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда.

Кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын Қалқаман Сарин болды.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, әрі ел ішінде танымал талай туындының авторы Қалқаман Сарин өзінің өмірлік ұстанымы ретінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Менің өмірдегі басты ұстанымым – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деген сөздерін келтірді.

Сондай-ақ, жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, патриот болу үшін ең бірінші
 әр азамат өзінің тарихын оқуы керек, сонда ғана елін, жерін, бабаларын мақтан тұтады.

Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті. Бірінші кезекте ата-анасын мақтан тұтатындығын айта келе, «Анаңның жаққан ошақ отына жылынып, әкеңнің еккен еменінің көлеңкесінде өскен ұрпақ жаман болмайды» , – деді.

Парасатты қоғам құру үшін әрбір адам өзінің санасын жақсылыққа қарай өзгертіп, парасатты ұрпақ тәрбиелеп, заңды, ұлтмыздың дәстүрін сақтау керектігін айтып ойын түйіндеді

 «Адалдық сағатының» негізгі мақсаты – танымал тұлғалардың өмір және еңбек жолы арқылы өскелең ұрпақтың бойына парасаттылық құндылықтарын сіңіру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.



Агентство по противодействию коррупции продолжает продвигать принципы добропорядочности среди молодежи посредством онлайн-уроков.

Так, гостем очередной акции «Час добропорядочности» стал известный поэт, яркий представитель современной казахской литературы и культуры Калкаман Сарин.

В лекции лауреат государственных премий «Дарын» и «Алтын қалам», член союза писателей Казахстана, автор слов широко известных публике песен отметил, что его жизненным кредо являются слова великого Абая «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», что значит «труд – всему голова, честный труд позволяет достигать вершин».

По мнению К. Сарина, патриотизм, любовь к Родине – основные показатели добропорядочной личности. А чтобы быть патриотом, каждый гражданин должен знать свою историю, и только тогда он по достоинству будет гордиться своей страной, своей землей и своими предками.

Жизненным примером добропорядочности для К. Сарина являются его родители. Свои достижения он напрямую связывает с их примерным образом жизни и принципами воспитания.

«Будущее в руках поколения, которое согрето теплом очага своей матери и выросло в тени дуба, посаженного отцом», – сказал К. Сарин.

В завершении он отметил, что каждый молодой казахстанец должен стремиться быть лучшей версией себя, воспитывать в себе хорошие привычки и быть добрее к другим.

Основная цель акции «Час добропорядочности» – продвижение идеологии добропорядочности и привитие таких важнейших нравственных ценностей, как честность, справедливость, порядочность и доверие у подрастающего поколения через жизненный и трудовой путь известных личностей.