Семейдің танымал азамат, азаматшаларының лицей оқушыларымен кездесуі өтті. » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Семейдің танымал азамат, азаматшаларының лицей оқушыларымен кездесуі өтті.
01
март
2023

Семейдің танымал азамат, азаматшаларының лицей оқушыларымен кездесуі өтті.

1 наурыз күні «Экономикалық лицей» КММ-де Семейдің танымал азамат, азаматшаларының лицей оқушыларымен кездесуі өтті. Құрметті қонақтар қатарында Ермек Асылғазыұлы Мезибаев, Шолпан Баглановна Чегедекова, Ержан Рахимжанович Амарханов және Анатолий Дмитриевич Калинкин болды.
Шақырылған қонақтар лицеистерге өздерінің жетістіктерімен бөлісе отырып, болашақ түлектерге алдарына мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге ынталандырды. Мезибаев Ермек Асылғазынұлы өзінің еңбегі мен табандылығының арқасында Қазақстан халқына сапалы азық-түлік өндіретін «Адал-Ас» компаниясының директоры болғаны туралы айтып берді.
Чегедекова Шолпан Бағланова медицина саласындағы және депутаттық қызметтегі тәжірибесімен бөлісті. Ол оқушыларға  өздерінің және айналасындағылардың денсаулығына қамқорлықпен қарауға, сондай-ақ өз аймағының қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақырды.
Амарханов Ержан Рахымжанұлы спорттың адам өміріндегі маңызы туралы айта отырып, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» , «Қайырымдылық керуені-2023»жобасының жеңімпазы атанғанын және 48 адамды өртке оранған автобустан қалай құтқарғанын айтып өтті. Алға қойған мақсатқа жету және басқа адамдарға көмектесу үшін күшті ерік-жігер мен өз-өзіне сену маңызды екенін атап өтті.
Біздің Экономикалық лицейдің түлегі Калинкин Анатолий Дмитриевич мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, лицеистерге оқуға тиісті көңіл бөлуге және өздерінің ойлы идеяларын жүзеге асыруға шақырды.
Кездесу соңында қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап берді. «Экономикалық лицей» КММ лицеистердің мақсаттары мен армандарына жетуіне көмектесетін танымал да табысты  азаматтармен келесі кездесуді асыға күтеді. Өйткені, мұндай кездесулер оқушыларға  табысты адамның қалай жұмыс істейтінін, қалай шешім қабылдайтынын және өз мақсатына қалай жететінін білуге тамаша мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жиында экономика мен жалпы қоғамды дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Шақырылған қонақтар Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін, еліміздің дамуына әрқайсымыз өз үлесімізді қоса алатынымызды баса айтты.
Лицей оқушылары көптеген пайдалы ақпараттар мен болашаққа шабыт алды. Өзіңе сеніп, аянбай еңбек етсең, бәрі де болатынын көрді.

1 марта в КГУ "Экономический лицей" состоялась встреча почетных гостей нашего города с лицеистами, которая стала настоящим праздником для всех присутствующих. Среди почетных гостей были Мезибаев Ермек Асылгазинович, Чегедекова Шолпан Багланова, Амарханов Ержан Рахимжанович и Калинкин Анатолий Дмитриевич.
Приглашенные гости поделились своими историями успеха и мотивировали учащихся на достижение своих целей и мечтаний. Мезибаев Ермек Асылгазинович рассказал о том, как благодаря своему труду и настойчивости он стал директором компании "Адал-Ас", которая производит качественные продукты питания для людей в Казахстане.
Чегедекова Шолпан Багланова поделилась своим опытом работы в медицине и депутатской деятельности. Она призвала учащихся заботиться о своем здоровье и здоровье окружающих, а также активно участвовать в общественной жизни своего региона.
Амарханов Ержан Рахимжанович рассказал о том, как он стал победителем проекта "100 новых лиц Казахстана" и как спас 48 человек из загоревшегося автобуса. Он подчеркнул, что важно иметь сильную волю и верить в себя, чтобы достичь своих целей и помогать другим людям.
Калинкин Анатолий Дмитриевич, выпускник нашего Экономического лицея, поделился своим опытом работы в государственной службе и поощрил учащихся уделять должное внимание учебе и реализовывать свои самые смелые идеи.
В конце встречи гости ответили на вопросы учащихся. Все присутствующие получили массу полезной информации и вдохновения на будущее. В КГУ "Экономический лицей" с нетерпением ждут следующей встречи с другими успешными людьми, которые могут помочь молодым людям достичь своих целей и мечтаний. Ведь такие встречи являются отличной возможностью для учащихся узнать о том, как работает успешный человек, как он принимает решения и как достигает своих целей.
Также на встрече были обсуждены важные вопросы, связанные с развитием экономики и общества в целом. Приглашенные гости подчеркнули, что будущее Казахстана в руках молодежи, и что каждый из нас может сделать вклад в развитие нашей страны.