Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын танысу «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын танысу «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
02
сентябрь
2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын танысу «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы «Экономикалық лицей» КММ ұжымы арасында таныстырылды.  Жиынды  лицей директоры Н.Р. Хамидуллина ашып, мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағдарларын атап өтті. 

Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына таяу жылдарға жоспарланған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың негізгі бағыттарын белгіледі. Мемлекет басшысының стратегиясында оның елді одан әрі дамытуға қатысты жеке көзқарасы көрсетілген. Оның нақты құрылымы мен ерекшелігі, проблемалық аймақтарды қамту ауқымы мен күрделілігі және еліміздің одан әрі прогрессивті қозғалысының стратегиялық бағыттары  жақсы үйлесім тапқан.

          Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша келесі баяндамашылар: тарих пәнінің мұғалімдері Балықбаев М.М. және Идрышева Г.С. сөз сөйледі. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Саниязова Гүлмира Келесқызы мемлекет басшысының Жолдауындағы: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды»,-деген  үзіндісін келтіре отырып, мемлекет басшысын  толық қолдай отырып, оның жүзеге асуын асыға күтетінін айттты.

          География пәнінің мұғалімі Гүлмира Қайырболатқызы Қасым-Жомарт Кемелұлының: «Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады» деп айтқан Жолдаудағы сөзінен мысал келтіре отырып, көптеген жас отбасылардың мемлекеттен қомақты қолдау алу мүмкіндігі туралы жас ұрпаққа арналған жоспарлары таң қалдыратынын атап өтті.

          Жиынға қатысушылар баяндамашыларға сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асырудың түрлі аспектілері бойынша белсенді пікір алмасу болды.