20
декабрь
2018
«100 ӘН» отбасылық патриоттық әндер кеші

Желтоқсан айының 15-і күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне
орай Экономикалық лицейде 5-сыныптар арасында «100 ән-100 песен» атты отбасылық
патриоттық әндер мерекелік кеші өтті. Бұл кештің мақсаты- жас өнерлі
оқушылардың талантын ашып,отбасы құндылығын арттыру, жастарға патриоттық тәрбие
бере отырып, олардың отаншылдық сезімдерін арттыру. Мерекелік кеште Туған жер,
Отан, Атамекен тақырыбындағы патриоттық туындыларды нақышына келтіріп, жанды
дауыста орындаған 8 отбасылық жұп қатысты. Бұл кешке әр отбасы
өте жақсы дайындықпен келгендерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына
бөленді. Өз өнерлерін ортаға салған барлық қатысушылар мереке соңында алғыс хаттармен марапатталды.