31
март
2025
Лицейдің ата-аналар қауымдастығына арналған мерекелік кеш
31 наурыз 2025ж."Экономикалық лицей" КММ-нің Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен лицейдің ата-аналар қауымдастығына арналған мерекелік кеш өтті. Ораза айт мейрамы қарсаңына тұспа-тұс келген іс-шарада Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Р.Сергазинов ата-аналарға жүрекжарды тілегін білдіріп,әр ата-ана лицейдің дамуына өз үлесін қоса білсе,нұр үстіне нұр болатынын жеткізді. Лицейдің өнерлі оқушылары ән-жырдан шашу шашып, ұлттық аспаптардың үнімен құлақ құрышын қандырған,әсерлі мерекелік кеш сыйлады. Осы іс-шарада дастархан жайып,ерекше ықылас -пейілдерін көрсеткен "Экономикалық лицей"КММ Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне: Болат Рамазановичке, Альмира Мухаметкановнаға, Зарина Мырзабаевнаға, Найла Муратхановнаға, Айжан Ержановнаға үлкен алғыс білдіреміз.