14
март
2025
Наурызнама
Наурызнама онкүндігі аясында Экономикалық лицейде 14 наурыз-Көрісу күні-Амал мерекесі аталып өтті. 101-104-топ лицеистері үлкендерге арнайы сәлем беріп, құрмет көрсетіп, ән,күйлерін тарту етті. Оқушыларға қызықты ұлттық ойындар ойнатып, би билетіп, тамаша көңіл күй сыйлады.
14 наурыз 2025 ж. Наурызнама онкүндігі аясында және "Қазақ филологиясы" ӘБ.апталығы аясында Экономикалық лицейдің ұстаздары арасында "Қазақтың дастарханы-береке бастауы" тақырыбында ұлттық тағамдарды жарнамалау іс-шарасы өтті. Мақсаты- ұлттық тағамдарды сақтау, насихаттау, танымал ету және лицей ұстаздарының ұжымдастығын,ауызбіршілігін нығайту. Іс-шарада әр пән бірлестігі тарих қойнауына сүңгіп, аналарымыздың тамақтың бабын келтірудегі құпияларына мән бере отырып, өздеріне үй тапсырмасына берілген ұлттық тағамдарға жарнама жасады. Сонымен қатар, бұл іс-шарада ән айтылып,би билеп, салт-дәстүр көрсетіліп,соңында барлық қатысушылар ақ дастарханнан дәм татып тарасты
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз-Қайырымдылық күніне орай, Экономикалық лицейдің 91-96 топ оқушылары мүмкіндігі шектеулі ерекше спортшы балаларға сыйлықтар беріп, өнерлерін көрсетіп, ерекше көңіл сыйлады. Адамға жақсылық жасау,қайырымдылық көрсету-халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі,сондықтан осы қайырымдылық іс-шарасына қатысқан әр лицеистке алғыс білдіреміз.
16 Наурыз – Шаңырақ күні
Осыған орай ұйымдастырылған видеороликтер байқауына 81-топ оқушылары лицей шаңырағының астында жиналып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Наурыз мерекесінің шырайын кіргізген дәстүрлер, ұлттық ойындар, тағамдар, музыкалық аспаптар мен әшекей бұйымдары туралы баяндады.
Ұлттық мәдениетімізді сақтап, насихаттайық!
Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын, жыл ырысты болсын!
Бүгін 82 топ оқушыларының кураторлық сағатында салт-дәстүрлеріміз туралы қызықты әрі танымды викториналар өтті!
Оқушылар ұлттық мұрамызды еске түсіріп, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Әр сұрақтың артында терең мағына мен тарих тұр, сол арқылы оқушылар өз тамырларын түсініп, еліміздің мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттырды.
Бұл сағатта тек білім ғана емес, ынтымақ пен достық та нығайды. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – барлығымыздың ортақ мақсатымыз!