"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлттық ойын-ұлт қазынасы"
16
ноябрь
2024

"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы"

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" бағыты бойынша Экономикалық лицейде күнделікті қоңырау арасында ұлттық ойындар ойнатылады. Мақсаты-оқушылардың үзілістегі уақытын қызықты өткізу, ұлттық ойындарды насихаттау.  Оқушылардың ұйымшылдығын, топтың бірлігін қалыптастыру мақсатында 53-топта 5минуттық үзілісте "Сымсыз байланыс" ойыны ойнатылды. 63-топ оқушыларымен ептілік пен икемділікті дамыту және ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында "Ақ серек,көк серек" ойыны ұйымдастырылды. 52-топ оқушыларымен үзіліс кезінде оларды ептілікке,жылдамдыққа, зеректікке дағдыландыру мақсатында "Ұшты-ұшты" ойыны ойнатылды. Лицей оқушылары үзіліс арасында немесе бос уақыттарында қазақтың ұлттық: "Тоғызқұмалақ", "Бестас", "Асық ату"сияқты ойындарын ойнайды. Бұл ойындар оқушыларды жылдамдыққа,қағылездікке,тез шешім қабылдай білуге үйретеді. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері өз сабақтарында да ұлттық ойын түрлерін қолданады. 65-топ
62- топ оқушылары үзіліс кезінде ұлттық ойындар ойнайды.
Ойын арқылы балалардың адамгершілік, адалдық, әділдік сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық ойындарды ойнай отырып, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып, салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру.