08
март
2025
8 - наурыз мерекесі
2025 жылдың 5-6 наурызында Экономикалық лицейдің 5-сыныптары "Аналар күнін" өткізді. Лицейшілердің ән- би шашуымен жалғасқан әдемі кеште аналар қызықты ойындар ойнап, балаларының жырмен өрілген тілектерін тыңдап, тамаша көңіл-күй, әсерлі сезімге бөленді. Мерекелеріңіз қүтты болсын,құрметті Аналар!
Құрметті ұстаз-аналар, арулар-асыл жандар! Сіздерді 8 наурыз мерекелеріңізбен шын жүректен қүттықтаймыз! 103-топ
Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз мейрамымен ұстаз-аналарды 72-топ оқушыларының құттықтауы.
71-топ құттықтауы
94-топ құттықтауы
65-топ құттықтауы
51-53-топ оқушыларының аналарына арналған мерекелік кеші.
---------------------------------------------------------------
Аяулы ұстаздар, ардақты аналар, қадірлі әпкелер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!❤
Сіздер – мейірімнің шуағы, ізгіліктің нұры, отбасының алтын қазығы, ұрпаққа бағыт берер шамшырақсыздар. Сіздің даналығыңыз бен махаббатыңыз, біліміңіз бен тәліміңіз – келешек ұрпақтың жарқын болашағының негізі.
Біздің дарынды оқушыларымыз сіздерге деген шексіз құрметі мен ризашылығын білдіру үшін жүректен шыққан өнерлерін арнап, әсем ән мен көркем биден, әсерлі жырлардан тарту жасады. Сіздердің мерекелік көңіл-күйіңіз – біз үшін үлкен бақыт.
Көктемнің әр күні сіздерге шаттық пен қуаныш сыйласын, әрбір атқан таң жаңа жетістіктерге бастасын. Денсаулығыңыз мықты, жүздеріңіз жарқын, жүректеріңіз қуанышқа толы болсын!
Сіздерге құрметпен, Экономикалық лицей парламенті мен ұжымы!
Мектебіміздің парламент мүшелерінің аяулы ұстаздарымызды,аруларымызды қарсы алу сәтінен үзінді