Құжаттарды қабылдау
Құрметті ата-аналар!
2024-2025 оқу жылына 5-сыныпқа қабылдау "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығы «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 94 бұйрығы,
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі» КММ педагогикалық кеңесінің шешімі және «Экономикалық лицейі» КММ Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау электрондық форматта 2024 жылғы 03-04 маусымда жүзеге асырылады. Жұмыс уақыты: 09.00-ден 18.30-ге дейін.
Құжаттар лицейдің economic-priem@mail.ru электронды поштасына жіберіледі. Әр ата-ана жеке электрондық поштасынан тек өз баласының құжаттарын жібереді.
Бесінші сыныпқа құжаттарды тапсыру кезінде келесі деректерді ЖАЗУ керек:
1) Баланың толық аты-жөні (туу туралы куәлікте көрсетілгендей)
2) Өтініш берушінің толық аты-жөні (ата-анасы немесе заңды өкілі)
3) Ата-аналардың байланыс телефондары
4) Оқу тілі (қазақ немесе орыс)
5) Хатқа 3 файл тіркеңіз:
- сканерленген туу туралы куәлігі;
- «Күнделік» жүйесінде құрылған табелі (сканерленген, директордың қолы қойлған және мөр басылған);
- сканерленген мақтау қағазы (бар болған жағдайда)
Kundelik жүйесіндегі табельдің көшірмесін өз мектебіңізден сұрайсыз.
Назар аударыңыз! Барлық құжаттардың көшірмелері түсінікті, анық болуы қажет.
Жұмыс уақытынан бұрын, кейін тапсырылған құжаттар қарастырылмайды.
Қабылдау нәтижелері 10 маусымда жарияланады.
Оқуға қабылдау табель балдарының рейтингі бойынша жүргізіледі.
Қабылданатын оқушылар саны:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 2 сынып (25 адамнан, барлығы - 50 адам)
- оқыту орыс тілінде жүргізілетін 2 сынып (25 адамнан, барлығы - 50 адам).
6,7,8,9,10 -сыныптарға қабылдау 2024 жылдың 20 тамызынан кейін бос орындар болып жатқан жағдайда жүзеге асырылатын болады, себебі сынып-комплектілер толығымен жасақталған. Бос орындар жоқ.
Қосымша ақпарат лицей сайтында және @ economiclyceum Instagram аккаунтында орналастырылады.
Қабылдау комиссиясы