Құжаттарды қабылдау 2023-2024 жыл

Құрметті ата-аналар!
2023-2024 оқу жылына 5-сыныпқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 03.06.2021ж. №275 бұйрық, 2- бөлім, 9-7 тармағындағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып), Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі»КММ Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау электрондық форматта
2023 жылғы 1-3 маусым аралығында жүзеге асырылады. Жұмыс уақыты: 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Құжаттар лицейдің economic-priem@mail.ru электронды поштасына жіберіледі. Әр ата-ана жеке электрондық поштасынан тек өз баласының құжаттарын жібереді.
Бесінші сыныпқа құжаттарды тапсыру кезінде келесі деректерді ЖАЗУ керек:
1) Баланың толық аты-жөні (туу туралы куәлікте көрсетілгендей)
2) Өтініш берушінің толық аты-жөні (ата-анасы немесе заңды өкілі)
3) Ата-аналардың байланыс телефондары
4) Оқу тілі (қазақ немесе орыс)
5) Хатқа 3 файл тіркеңіз:
- сканерленген туу туралы куәлігі;
- «Күнделік» жүйесінде құрылған табелі (сканерленген, директордың қолы қойлған және мөр басылған);
- сканерленген мақтау қағазы (бар болған жағдайда)
Kundelik жүйесіндегі табельдің көшірмесін өз мектебіңізден сұрайсыз.
Назар аударыңыз! Барлық құжаттардың көшірмелері түсінікті, анық болуы қажет.
Конкурстық іріктеу 5 - 14 маусым аралығында жүзеге асырылады.
1. 20 сұрақтан тұратын компьютерлік тестілеу өткізіледі (қазақ тілінде оқытатын сыныптарға-10 сұрақ орыс тілі пәні,10 сұрақ ағылшын тілі пәні бойынша; орыс тілінде оқытатын сыныптарға- 10 сұрақ қазақ тілі, 10 сұрақ ағылшын тілі пәні бойынша).
2. Математикадан жазбаша емтихан.
Ескерту: Барлық тапсырмалар МЖМБС-ға шеңберінде мектеп бағдарламасына сәйкес дайындалатын болады.
Оқуға қабылдау конкурстық іріктеу емтихан нәтижесі және табель балдарының рейтингі бойынша жүргізіледі.
Қабылдау қорытындысы 2023 жылы 15 маусымға дейін жарияланады
Қабылданатын оқушылар саны:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 2 сынып (25 адамнан, барлығы - 50 адам)
- оқыту орыс тілінде жүргізілетін 2 сынып (25 адамнан, барлығы - 50 адам).
6,7,8,9,10 -сыныптарға қабылдау 2023 жылдың 20 тамызынан кейін бос орындар болып жатқан жағдайда жүзеге асырылатын болады, себебі сынып-комплектілер толығымен жасақталған. Бос орындар жоқ.
Қосымша ақпарат лицей сайтында және @Economic_liceum Instagram аккаунтында орналастырылады.
Қабылдау комиссиясы