Лицейге қабылдау туралы (2021-2022) » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейге қабылдау туралы (2021-2022)
17
май
2021

Лицейге қабылдау туралы (2021-2022)

Құрметті ата-аналар!

    2021-2022 оқу жылына 5-сыныпқа қабылдау «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы (2021ж 06.01 енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы No 564 бұйрығымен «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығы (2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрыққа өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) және ШҚО білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Экономикалық лицейі» КММ Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекция қаупін азайту және адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАДА жүзеге асырылады.


2021 жылдың 1 маусымынан бастап 

Жұмыс уақыты 09.00-ден 18.00-ге дейін


Құжаттар лицейдің economic-priem@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.

 Бесінші сыныпқа құжаттарды тапсыру кезінде хат мәтініне келесі деректерді жазу керек:


1) Баланың толық аты-жөні (туу туралы куәлікте көрсетілгендей)

2) Өтініш берушінің толық аты-жөні (ата-анасы немесе заңды өкілі)

3) Ата-аналардың байланыс телефондары

4) Оқу тілі (қазақ немесе орыс)

5) Хатқа 3 файлды тіркеңіз: 

  • туу туралы куәлік; 
  • «Күнделік» жүйесінде құрылған табелі (сканерленген, директордың қолымен мөрімен) 
  • сканерленген мақтау қағазы.

Сіз есеп картасын өз мектебіңіздегі Kundelik жүйесінен сұрайсыз.


Назар аударыңыз! Барлық құжаттардың тек түсінікті көшірмелерін қоса беруіңізді өтінеміз.


Тіркеу табельдегі рейтингтік балының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Қабылдау нәтижелері 2021 жылы 15 маусымда жарияланады

  • оқыту қазақ тілінде жүргізілетін  2 сынып (25 адамнан, барлығы  -  50 адам)
  • оқыту орыс тілінде жүргізілетін  2 сынып   (25 адамнан, барлығы  - 50 адам).


6,7,8,9,10 сыныптарға қабылдау 2021 жылдың 20 тамызынан кейін  бос орындар болып жатқан жағдайда жүзеге асырылатын болады, себебі сынып-комплектілер толығымен жасақталған. Бос орындар жоқ.