Жакашева Айжан Бейсенгалиевна » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицейі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
» » » Жакашева Айжан Бейсенгалиевна
01
сентябрь
2022

Жакашева Айжан Бейсенгалиевна


Жакашева Айжан Бейсенгалиевна – «Абай облысы білім басқармасының Коммунальное государственное учреждение «Экономический лицейі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 18 жыл, санаты – жоғары (педагог – зерттеуші).

1984 жылы жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.

2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша, 2023 жылы «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» педагогикалық қайта даярлау курсын бітірген.

2019,2022 жылы  педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша  ШҚО «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында курстардан өтті. 

2005- 2011 оқу жылы Семей көлік колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет жолын бастады.

2012жылдың 01 қыркүйегінен бастап  «Восточно-Казахстанская область Семей қаласының білім бөлімі» ММ   «Экономический лицейі» КММ  қызмет атқарады.

Оқушылардың жетістіктері.

2015-2016 жылдар аралығында «Жарқын болашақ» Республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының «Сөз шебері»  номинациясы бойынша Бобко Екатерина облыстық кезеңінде 1-орынды, Қ.Бітібаева атындағы халықаралық олимпиадасының жүлдегері Логинова Диана 1-орынға, пәндік олимпиададан республикалық кезеңінде Бобко Екатерина жүлделі орындарға ие болған кездері болды.

2019-2020 оқу жылы:

1. А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" халықаралық өнер және білім фестивалі. 9-сынып оқушысы Асқарова Еркежан 1-дәрежелі диплом;

2. "Жарқын болашақ" Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен "Ғылым жолында" Республикалық ғылыми жоба байқауы. 9-сынып оқушысы Нургалиева Линара 2-дәрежелі диплом алды

Мұғалімнің кәсіби жетістіктері.

1. 2018-2019 о.ж. «Эссе» білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген ұстаздарға арналған эссе жазудан республикалық конкурсының облыстық кезеңінде 2-орын алған үшін диплом;

2. 2020-2021 о.ж.  «Жылдың үздік ұстазы 2020» 2-дәрежелі диплом.  «BILIM ORKENIET» Ұлттық инновациялық ғылыми- зерттеу орталығы №20-1020346

3. 2021-2022 о.ж. Қазақстан Педагогтар қоғамы ұйымдастырған «Тәуелсіз елдің ұстазы - 2021»  атты республикалық байқауға қатысып,үздік жұмыс атанды.  Диплом

Ұстаздармен тәжірибе алмасу.

1. 2020 жылы «Халықаралық экология, Инженерия және Педагогика ғылымдар» академиясының ұйымдастырумен «Заманауи білім беру: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жауапкершілік" тақырыбындағы Халықаралық тамыз онлайн-конференциясына;

2. 2022-2023 жылы қалалық, облыстық тамыз кеңесінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында эссе жазу арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру» тақырыбы бойынша  шеберлік сағатын көрсетті.