15
март
2024
«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі
«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне лицейдің оқушылары қатысып,жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша бақ сынаған 112-топ лицеисі Селинкина Екатерина 1-орынға (жетекшісі Омарова Ж. К.), 102-топ лицеисі Тұрсұн Шәкәрім 2-орынға (жетекшісі Аманбаева А.С) ие болса, «Әнші бұлбұлдар» номинациясында 83-топ оқушысы Болатхан Аружан (жетекшісі Асанова А.Х )жүлделі 3-орынға ие болды. Жүлдегер оқушыларымызды құттықтаймыз!
