Медиа мектептің алғашқы түлектеріне сертификат табыстау салтанаты өтті. » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицейі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
» » Медиа мектептің алғашқы түлектеріне сертификат табыстау салтанаты өтті.
24
декабрь
2024

Медиа мектептің алғашқы түлектеріне сертификат табыстау салтанаты өтті.

 Кеше Әлихан Бөкейхан Университетінде қала мектептерінің оқушыларына арналған Медиа мектептің алғашқы түлектеріне сертификат табыстау салтанаты өтті.

 ABU Медиа мектебі – шығармашыл да белсенді астарға арналған, креативті дағдыларды үйрететін білім беру алаңы. 6 апта бойы 50-ден астам оқушы кәсіби фото түсіру, графикалық дизайн және мобилография бағыттары бойынша оқудан өтті.

 Салтанатты шара барысында әр бағытта білім алған оқушылар арасында өткізілген шығармашылық байқаудың қорытындылары шығарылды. Лучший шыққан оқушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Университет фотографы, кәсіби маман Бауыржан Даирбеков жүргізген «Кәсіби фотосурет негіздері» курсы бойынша Экономикалық лицей оқушылары үздіктер қатарынан табылды. Атап айтқанда:

- «Лучший сахналанған сурет» номинациясында Ажар Серікбек
- «Лучший композиция» номинациясында Саната Уаисова
- «Жарықпен жұмыс істеу үздігі» номинациясында Аби Аманбаев марапатталды.

 «Графикалық дизайн негіздері» бағыты бойынша оқушыларға университет дизайнері Валерия Макарченко сабақ берді. Бұл бағыттағы байқау аясында оқушылар шағын командаларға бірігіп, өз логотиптерін, презентациялары мен әлеуметтік желілерге арналған посттарын таныстырды. Байқау нәтижесінде:

-  1 орын «Pixel Craft» командасына бұйырды. Команда құрамында Акбота Толеугазинова (№45 мектеп), Мади Кажыбеков (№23 мектеп), Асылжан Аканова (№23 мектеп), Бопежан Арманкызы (Аймауытов ат. орта мектеп)
-  2 орынды «Color&Shape» командасы иеленді. Клманда құрамында Александрия Храмцова, Нурдаулет Асылтаев (№23 мектеп), Инкар Нурболкызы (№19 орта мектеп)
-  3 орын - «A-Genius» командасында. Команда құрамында Экономикалық лицей оқушылары Айзере Марат пен Ажар Алмаскызы.

 «Мобилография негіздері» курсын университеттің SMM менеджері Асель Масалимова оқытты. Курс аясындағы байқауда мектеп оқушылары университет ғимаратынан түсірілген креативті видео сюжеттерімен бақ сынасты. Лучшийтер қатарында:
- 1 орын иесі Малика Ерлан (Экономикалық лицей)
- 2 орын иесі Алтынай Кызыр (Экономикалық лицей)
- 3 орын иесі Еркежан Капжапарова (№23 мектеп).

Іс шара университет серіктесі @dodopizza_semey ұсынған пицца брейкпен аяқталды.