Қалалық семинар » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицейі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
06
май
2023

Қалалық семинар

https://youtu.be/b0UYosq4iZk
2023 жылдың 5 мамырында «Экономический лицей» КММ-де Семей қаласының білім бөлімінің өкілі Сулейменова А.С., ШҚО бойынша «Өрлеу» филиалының Абай облысы бойынша өкілдігінің басшысы Искакова Р.Н., №19 орта мектептің педагогтарының қатысуымен «Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы лицей оқушыларының функционалдық сауаттылығы мен негізгі құзыреттіліктерін дамыту» атты қалалық семинары өтті . Семинардың мақсаты – лицей ұжымының әдістемелік тақырыптағы жұмысы кезінде жинақталған педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Тақырыптың өзектілігі функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және  білім беру сапасын бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар білім беру ұйымының тәжірибелік кезеңінен  инновациялық даму кезеңіне өтуі үшін де қажет екендігімен негізделген. Ынтымақтастық ортада бірлесіп жұмыс істеу – оқушылардың белсенділігін дамытады, олардың ойлау тәсілін өзгертеді, әлеуметтік және моральдық дағдыларын тәрбиелеудің тамаша тәсілі. Оқушылар топта жұмыс істеуге, топтық шешім қабылдауға және оған жауапкершілікпен қарауға, жаңа білім алуға ұмтылылады. Лицейдің педагогикалық ұжымы осындай бірлескен жұмыстың қорытындыларын көрсетті. Іс-шараның басында қонақтардың назарына лицей педагогтары И. А. Подольская, В. Ю. Сорокин, М. В. Тускеева ұйымдастырған «Пушкиннен шабыт алған» көрмесі ұсынылды.