Назарбаев Университетінің өкілімен кездесу / Встреча с представителем Назарбаев Университет
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 10-11 сынып лицеиcтері үшін Назарбаев Университетінің өкілімен кездесу ұйымдастырылды. Балаларға университетке оқуға түсудің рәсімі, оқыту мен мамандықтар, болашақ түлектер үшін мансаптық өрлеу және кампуста өмір сүру бойынша ақпарат алуға, сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу ізденістерін өткізу және университетте студенттердің бос уақытын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік берілді. Назарбаев Университеті Қазақстандағы бірегей халықаралық университет болып табылады, университет алдындағы дайындық және бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту тегін , барлық студенттер NU мұғалімдерімен зерттеу жұмыстары үдерісіне белсенді түрде қатысады және ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларына ие болады. Назарбаев Университетіне түсу кезінде ҰБТ балдары есепке алынбайды. 2022 жылы NUFYP-ге түсушілер үшін конкурстық іріктеуде IELTS/TOEFL/LINGUASKILL және NUET нәтижелері қаралатын болады. Емтихандар мен оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. NU қабырғасын 5000-нан астам жоғары білікті мамандар мен оқуға құштар,өз карьерасын құра білетін, жеке кәсібін ашып, еліміздің дамуына ат салысатын, адамдарға көмек қолын соза білетін оттай жанған жастар тәмәмдады.
7 апреля в рамках профориентационной работы для лицеистов 10-11 классов была организована встреча с представителем Назарбаев Университет. Ребятам была предоставлена возможность получить информацию по процедуре поступления, обучению и специальностям, карьере для будущих выпускников и жизни на кампусе, а также познакомиться с особенностями проведения студентами научно-исследовательских изысканий и организации студенческого досуга в университете. Назарбаев Университет является уникальным в Казахстане международным университетом, обучение по программам предуниверситетской подготовки и бакалавриата является бесплатным, все студенты активно вовлекаются преподавателями NU в процесс исследовательской работы и приобретают навыки научно-исследовательской деятельности. При поступлении в Назарбаев Университет баллы ЕНТ не учитываются. В конкурсном отборе для поступающих на NUFYP в 2022 году будут рассматриваться результаты IELTS/TOEFL/Linguaskill и NUET. Экзамены и обучение проводится на английском языке. Из стен NU вышли более 5000 высококлассных специалистов и горящих сердец, которые учатся, строят карьеру, открывают свой бизнес, развивают страну и помогают людям.