Сулейменова Гульжанат Сабыржановна
Сулейменова Гульжанат Сабыржановна-«Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Еңбек өтілі -32 жыл, санаты-педагог-зерттеуші.
27.07.1973 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
1992 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың қыздар педагогтік институтының педагогика және психология мамандығын,1998 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогтік институтының басқа ұлт мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітірген.
1991-1992оқу жылында Аягөз қаласындағы № 58 орта мектепте пионер вожатый, 1996-2000 жылдары Алматы қаласындағы № 84 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,2000-2017 жылдары Семей қаласындағы №30 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып қызмет атқарады.
Педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін Семей қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталған.