Турсунова Алмагуль Тулегеновна » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Турсунова Алмагуль Тулегеновна
01
сентябрь
2022

Турсунова Алмагуль Тулегеновна


Турсунова Алмагуль Тулегеновна – «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 25 жыл, санаты – жоғары 

1977 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
 1994 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық университетінің орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1998 жылы «Семей» Мемлекеттік университетінің орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
 1998-2017 оқу жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы №20 жалпы орта білім беретін дамыта оқыту мектебінде орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 

 2017 жылдың 25 тамызынан бастап  «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ  «Экономикалық лицейі» КММ  қызмет атқарады.

 Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

 Қазақ тілі пәнінен «Педстарт» Республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегері (II дәрежелі диплом), Qaztest.kz олимпиадасының жүлдегері (II дәрежелі диплом),Педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында «Виртуалды Білім беру бағыты шеңберінде» өткен еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасының жеңімпазы (I дәрежелі диплом)
 Оқушылары қалалық және облыстық олимпиаданың жүлдегерлері 

 «Қазақ тілі мен әдебиеті» Республикалық ғылыми-педагогикалық журналға Мемлекеттік тілді оқытуды әлемдік деңгейде көтеру атты мақаласы басылымға шықты. Халықаралық,республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, мақалалары жинаққа енгізілді.