Омарова Жумабике Кабдуллаевна
Омарова Жумабике Кабдуллаевна – «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 34 жыл, санаты – жоғары (педагог – шебер).
1964 жылы жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
1989 жылы Семей қаласындағы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтын ұлт мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша, 2000 жылы Абай атындағы мемлекеттік университетті орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
1989-1990 оқу жылы Семей облысы, Саржал орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1990-1992 жылдары Семей қаласындағы №13 училищесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1992 жылдың 01 қыркүйегінен бастап «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ «Экономикалық лицейі» КММ қызмет атқарады.
Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін «Қүрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.