Ақпарат » Страница 41 » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Иллюстрациялық суреттер салу” номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын
18
март
2024
“Иллюстрациялық суреттер салу” номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын
Республикалық “Әбіш оқулары” конкурсының қалалық кезеңінде “Иллюстрациялық суреттер салу” номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын алған 111 топ оқушысы Шанкашева Айшаны (жетекшісі Кадиркешова З.К.) құттықтаймыз
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры.
17
март
2024
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры.
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. 2023-2024 оқу жылында «Экономикалық лицей» КММ-сі тәрбие жұмысын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген
“Аяулы анам “ атты 101-топ аналарына арналған мерекелік кеш өтті.
16
март
2024
“Аяулы анам “ атты 101-топ аналарына арналған мерекелік кеш өтті.
Наурызнама” жобасы аясында 16 наурыз күні Шаңырақ күніне орай “Аяулы анам “ атты 101-топ аналарына арналған мерекелік кеш өтті. Мақсаты- оқушылардың бойына отбасылық құндылықтарды дарыту, ата-ананы қадірлеу, өнерге құштар болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, достық қарым- қатынас орнату. 101-топ оқушылары ананың құдіретін,ананың балаға деген махаббатын көрсететін қойылым қойып, әсем ән мен көңілді би билеп, аналарына деген жыр жолдарын арнады. Кеш өте әсерлі өтті.
«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі
15
март
2024
«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық
«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне лицейдің оқушылары қатысып,жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша бақ сынаған 112-топ лицеисі Селинкина Екатерина 1-орынға (жетекшісі Омарова Ж. К.), 102-топ лицеисі Тұрсұн Шәкәрім 2-орынға (жетекшісі Аманбаева А.С) ие болса, «Әнші бұлбұлдар» номинациясында 83-топ оқушысы Болатхан Аружан (жетекшісі Асанова А.Х )жүлделі 3-орынға ие болды. Жүлдегер оқушыларымызды құттықтаймыз!  
“Мерейлі ұстаз” облыстық конкурстың қалалық кезеңінде 3-орынға ие болды.
15
март
2024
“Мерейлі ұстаз” облыстық конкурстың қалалық кезеңінде 3-орынға ие
Лицейдің география пәнінің мұғалімі Сакенова Гульмира Каиырболатовна “Мерейлі ұстаз” облыстық конкурстың қалалық кезеңінде 3-орынға ие болды. Гульмира Каиырболатовнаны жетістігімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз. Хотим поделиться отличной новостью. Прошел городской тур областного конкурса “Мерейлі ұстаз”. Учитель географии Сакенова Гульмира Каиырболатовна достойна представила наш коллектив и заняла 3 место. Поздравляем Гульмиру Каиырболатовну и желаем ей творческих успехов.
14 НАУРЫЗ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ
14
март
2024
14 НАУРЫЗ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ
14 НАУРЫЗ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ🌸 Барша Қазақстан халқын амал мерекесімен құттықтаймыз. Бұл - елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Бұл күні адамдар өкпе- реніштерін ұмытып, бір біріне амандық, саулық тілеп, қол алысып, құшақтасады. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Көрісу куні жасы кішілер жасы улкеннің уйіне барып амандасып, көріседі. Көрісе отырып,
Сейсможаттығу өткізілді
13
март
2024
Сейсможаттығу өткізілді
«Экономикалық лицей» КММ-де 12 наурыз 2024 ж. сағат 15.00-де төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, сейсможаттығу өткізілді. сағат 15.00-де дабыл қағылғаннан кейін мұғалімдер, оқушылар және лицейдің қызметкерлері қауіпсіз аймаққа көшірілді. 🔰12 марта 2024 года в КГУ «Экономический лицей» в 15:00 в целях предотвращения чрезвычайных ситуаций была проведена сейсмотренировка . После того, как в 15:00 прозвучала тревога, учителя, ученики и сотрудники лицея были эвакуированы в безопасную зону.