14 НАУРЫЗ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 14 НАУРЫЗ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ
14
март
2024

14 НАУРЫЗ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ

https://www.instagram.com/p/C4fDxTRNr8j/?utm_source=ig_web_copy_link

14 НАУРЫЗ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ🌸
Барша Қазақстан халқын амал мерекесімен құттықтаймыз. Бұл - елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Бұл күні адамдар өкпе- реніштерін ұмытып, бір біріне амандық, саулық тілеп, қол алысып, құшақтасады. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Көрісу куні жасы кішілер жасы улкеннің уйіне барып амандасып, көріседі. Көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп жақсы тілектер айтады. Бұл күні таң біліне бастағанда, әсіресе, уйінде қариясы бар үйлер ерте оянып, көрісуге келген адамдарды күтіп отырады. Міндетті турде әр үй дастарқанын толтырып, бар тәттісін қойып, бауырсақ, жеті шелпек пісіреді. Себебі, көрісе келген жандар сол үйдің дастарқанынан ауыз тиіп, үлкендер бата беріп, жақсы тілектер тілейді.
Ендеше ұлыстың ұлы куні Наурыз мерекесі қарсаңында қазақ халқына тілеріміз береке-бірлігіміз артып, әр отбасына амандық, еңбектеріңізге зор табыстар тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы