Алғыс айту күніне орай қайырымдылық жәрмеңке » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алғыс айту күніне орай қайырымдылық жәрмеңке
01
март
2023

Алғыс айту күніне орай қайырымдылық жәрмеңке

Бүгін,  Алғыс айту күніне орай лицейде 6,7, 8 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. 📣 Бұл іс-шара СМА 3 тип диагнозы қойылған 2 жасар  Қалибеков Ерасылға қаржылай жәрдем беру үшін ұйымдастырылды. Қайырымдылық жәрмеңкесінен 472,839 (төрт жүз жетпіс екі мың сегіз жүз отыз тоғыз) теңге қаражат жиналды. 💰 Жәрмеңкеде ата-аналар өз қолдарымен  дайындаған кондитерлік және аспаздық өнімдерін ұсынды! Бүгінгі қайырымдылық акциясына қатысып, өз үлестерін қосқан барлық ата-аналарға, ұстаздарға, лицей оқушыларына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Күнделікті тірліктерін түріп тастап, осындай игі іске ерекше үлес қосуға арнайы келген ата-аналарымызға ерекше алғысымызды білдіреміз. Жәрмеңкеден жиналған ақша игілікке жұмсалып, кішкентай Ерасылдың денсаулығына шипа болсын деп тілейміз. Құрметпен, Экономикалық лицей.


Сегодня в День благодарности в стенах лицея прошла благотворительная ярмарка, организованная родителями и учениками 6,7, 8 классов.
📣 Наша школьная благотворительная ярмарка прошла успешно! Мы организовали её, чтобы помочь Калибекову Ерасылу и собрали  сумму - 472839 тенге! 💰
На ярмарке была предложена выпечка и кулинарные изделия,  с любовью приготовленные нашими уважаемыми родителями!
Хотели бы выразить огромную благодарность каждому, кто принял участие в благотворительной акции сегодня. Особую благодарность выражаем родителям, которые, не смотря на свои дела и ежедневные заботы, смогли сегодня прийти и принять участие в таком благом деле. Пусть деньги, собранные на ярмарке, пойдут во Благо и помогут Ерасылу обрести здоровье.
Берегите себя и свою семью. С уважением, Экономический лицей.