12
январь
2024
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен жылма-жыл өткізіліп келе жатқан танымалдыққа ие жоба.
Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
Отырыстың комиссия мүшелері ұсынылған авторлардың ішінен жазушы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін Бердібек Соқпақбаевты оқуды бірауыздан қолдады. Сонымен, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2024 жыл бойына ел болып қазақ прозасына ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Б.Соқпақбаевтың шығармаларын оқу ұсынысы қабылданды.#ОқуғақұштарМектепБірелбіркітап #біртұтас_тәрбие_абай_облысы