21
ноябрь
2023
Ашық есік күніне кәсіптік бағдар
Шәкәрім университетінің ұйымдастыруымен өткен Ашық есік күніне кәсіптік бағдар мұғалімі Изатова Гульмира Бекетаевнаның жетекшілігімен 111 және 112 топ лицей оқушылары қатысып қайтты. Бұл шара түлектерді Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университет пен колледжге және басқа да жоғары оқу орындарына түсуге ынталандыру мақсатында өткізілді. Өңіріміздегі мектеп оқушыларының назарына университеттегі оқу жайы, студенттік өмір, талапкерлердің қоғамдық белсенділігін, әр студенттің шығармашылық әлеуетін қалай ашуға болатынын көрсететін бағдарлама ұсынылды.Сонымен қатар ҰБТ орталығының директоры Р.Т. Емелбаев Қазақстан Республикасындағы ҰБТ тапсыру тәртібіне, критерийлеріне, шекті баллдарына, гранттарды тағайындауға қатысты кейбір өзгерістерге тоқталды. Сондай-ақ түлектерге қалаған оқу орнына түсуге, сол арқылы олардың армандарын орындап, болашақ мамандық таңдауда мақсатына жетуге көмектесетін пайдалы әрі маңызды кеңестер берілді. Лицейіміз ең үздік шығармашылық мектебі болып ерекшеленіп, естелік сыйлыққа ие болды. Ал лицейдің 112-топ оқушылары Селинкина Екатерина мен Касимбалинова Алимаға бейнесұхбат үшін Шәкәрім атындағы университеттің логотипі бейнеленген естелік сыйлықтар табыс етілді, онда оқушыларымыз қазақ тілінде өздерінің туған жері Семей қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждерге түсудің маңыздылығын атап өтті. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы


















