Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу
27
октябрь
2023

Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу

«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» 

ата-аналармен интербелсенді дәріс

31 қазан 2023 ж. Экономикалық лицейдің 10-сынып ата-аналарымен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» бағдарламасы негізінде «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрістің мақсаты- ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту. Дәріс барысында жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай олардың іс-әрекет дағдыларын дамыту, баланың дербестігіне қатысты өзіндік міне-құлық бағытын талдауға ата-аналар қандай қолдау көрсете алатындары жайлы баяндалды. «Ой қозғау» стратегиясы арқылы баланың болашақта қандай болғанын қалайтындарын, жоғары сынып оқушыларының дербестігін дамытуда олардың қандай жас ерекшеліктері маңызды рөл атқарытындығы жайлы ата-аналардың пікірі тыңдалды. «Менің балам –дербес тұлға» жаттығуында ата-аналар балалары мектеп бітіргеннен кейін олардың бойында қандай қасиет, қабілетті көргілері келетіндерін флипчартқа постер жасап, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, дәріс оқушы 101-топ кураторы А.С.Аманбаева ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер туралы сөз қозғай отырып, ата-бабалармыздың балалардағы дербестікті қалай тәрбиелегендіктері жайлы тарихи фактілерден мысалдар келтірді. Дәріс соңында ата-аналар «Таза ыдыс» жаттығуы арқылы балаларына өздерінің тілектері мен ұсыныс-пікірлерін жазып қалдырды.