1 наурыз-Алғыс айту күні құтты болсын! » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыз-Алғыс айту күні құтты болсын!
01
март
2025

1 наурыз-Алғыс айту күні құтты болсын!

1 наурыз-Алғыс айту күні құтты болсын! Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке. Алғыс айту- жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет,қарапайым адамгершілік парыз. 52-топтың құттықтауы

Бұл мереке еліміздегі тыныштық пен үндестіктің, өзара сенімділік пен құрметтің негізі болып табылады. Лицейіміздің әрбір мүшесіне қажырлы еңбектері мен оқушыларға деген қамқорлықтары үшін алғысымызды білдіреміз.

Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс және отбасылық бақыт тілейміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, әрдайым құрметке бөлене беріңіздер.
93-топ оқушыларының құттықтауы
________________________________
Этот особенный день символизирует мир, согласие и взаимное уважение в нашем обществе. Мы искренне признательны каждому из вас за преданность своему делу, заботу и поддержку, которые вы ежедневно проявляете к нашим ученикам.

Желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения и семейного благополучия. Пусть ваш труд приносит радость и удовлетворение, а лицей продолжает процветать благодаря вашим усилиям.

Бұл күн әрбір адамның өз өміріндегі жақсылығын бағалап, ризашылық білдіруіне мүмкіндік береді. Алғыс айту тек адамдар арасында ғана емес, сонымен қатар Аллаға деген шүкіршілікті арттыратын маңызды мәнге ие.
81- топ құттықтауы

Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас. Барша отандастарымызға, еліміздің әр түпкірін шарлаған барлық жүргізушілерге, үкілі үмітпен жолға шыққан әр жолаушыға, күні-түні аянбай еңбектенген жолшыларға шынайы ниетпен алғыс білдіреміз!  
62-топтың құттықтауы

Қазақстан халқының бұл мерекені тойлауы жарасымды. Себебі, біздің елде 130-ға тарта ұлт пен ұлыс бірлікте, ынтымақта өмір сүруде.
Қазақ кең болсаң, кем болмайсың деген әрқашан. Сол мінездің арқасында өзінің ғана емес, өзгенің де көңілін тауып келеді. Кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді қазақ қасиеттер де бойымызға дарыған.
71-топтың құттықтауы

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
53-топтың құттықтауы

Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
74-топтың құттықтауы
63-топтың құттықтауы
102-топтың құттықтауы