






Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде балалардың құқығын қорғау бағытында ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылуда. Ел тұрғындарының үштен бір бөлігі балалардан тұратынын ескерсек, олардың қауіпсіздігі, жайлы ортада білім алу мүмкіндігі және тегін тамақпен қамтылуы маңызды әрі өзекті мәселе. Себебі, әрбір бала – еліміздің болашағы, ертеңгі ұрпақ. Семей қаласында 39 872 орындық 52 мектеп жұмыс істейді. Мектептерде даярлық сыныбынан бастап 11-сыныпқа дейін 51 951 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, 67 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 11 698 бала тәрбиеленуде, оның ішінде 15 мемлекеттік және 52 жеке меншік балабақша бар. Бұл көрсеткіш балаларға білім мен тәрбие беру саласында үлкен жұмыстың атқарылып жатқанын көрсетеді. «Балаларды мектепке дейінгі сапалы оқытумен қамту көрсеткіші 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 81%-ын, ал 3 жастан 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды. Жақында тағы 461 орын ашылып, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Бұл, әрине, балаларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру үшін жасалып жатқан үлкен қадамдардың бірі», – деді Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Есенжолов.
—————————
Обеспечение благополучия детей – приоритет государства По поручению Главы государства в нашей стране реализуются масштабные законодательные и стратегические меры по защите прав детей. Если учесть, что треть населения составляют дети, то обеспечение их безопасности, образования и условий для жизни является крайне важным. В городе Семей функционируют 52 школы на 39 872 места, в которых учатся 51 951 школьник с 0 по 11 классы. Также в 67 дошкольных образовательных учреждениях обучаются 11 698 детей. Из них 15 – государственные детские сады с 3656 детьми и 52 частных, обслуживающих 8042 детей. «По охвату качественным дошкольным воспитанием мы достигли 81% среди детей от 2 до 6 лет и 100% среди детей от 3 до 6 лет. Недавно открыто ещё 461 место для детей, что существенно улучшает доступность образования», – сказал руководитель аппарата акима города Семей Нуржан Есенжодов.