"Атаның өсиеті" » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ноябрь
2024

"Атаның өсиеті"

Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында "Даналық мектебінде" "Атаның өсиеті" клубының жұмыс жоспары негізінде Экономикалық лицейдің 111-топ оқушылары Мезибаев Асылғазы Нұрахметұлымен "Ата өсиеті-өшпес қазына" тақырыбында кездесу өткізді. Қазақ отбасында ұрпағына ұлттық тәрбие беретін атаның орны ерекше саналған. Ақ батасымен айналасын арайландырған Асылғазы ақсақал лицеистерге өнегелі өмірдің сыны мен сыры жайлы шұрайлы шежіре шертіп, отбасындағы ұлттық құндылықтар жайлы ой қозғады. Кездесуде оқушылар өздерінің қариядан білгісі кеп жүрген сауалдарын қойып, үлгі-өнеге ,тәлім аларлық ой қозғалып, пікір алысты. Төменгі буын оқушылары ән мен күйден шашу шашып, түлектеріміз рухани жан-дүниелерін байытып, Асылғазы атаның ақ батасын алды. Кездесу өте жақсы, жағымды күйде өтті.

Даналық мектебінің “Ата өсиеті” клубының Аталар кеңесінің мүшесі Жақашев Айдын Иманғалиұлымен “Семей өңірінің ақын-жазушылары” лицей курсын жүргізетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Бейсенгалиевна әдеби кездесу өткізді. Кездесуге лицейдің 8-сынып оқушылары қатысты. Поэзия әлемінде ерекше орын алатын ақын, Жақашев Айдын Иманғалиұлымен тағылымды кездесу кешін 81-топ оқушылары Барқынова Камилла мен Акимов Ерұлан жүргізді. Бұл кеште еліміздің рухани мұраты туралы әңгіме өрбітілді. Кеш «Менің атам» айдарымен басталып, Айдын Иманғалиұлының немересі 83-топ оқушысы Жакашева Малика атасының өмірі мен шығармашылығына арналған видеоақпаратын ұсынды. Ал 81-топ оқушысы Бодауова Нұрайым болса Айдын атаның шығармашылығына арқау болған, Семей Полигонын жабуға үлес қосқан өз атасы Жакишев Болат Жүнісұлы туралы ерекше мәліметтермен таныстырды. «Сұрақ-жауап» айдарында оқушыларымыздың қойған сұрақтары өте қызықты болды. Айдын ата барлық сауалдарға ерекше жауап беріп, өміріндегі таңғажайып сәттері, мектептегі қызықты оқиғалары, достық, ұстаздары және қазақ ақындары туралы қызықты әңгімелерін айтып, мәнді де, әсерлі өлеңдерін оқыды.
Кештің соңғы бөлімі «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты айдарымен жалғасын тапты. Әмір Алижан Айдын Иманғалиұлының “Жол беріңдер анаға” және Жакашева Малика “Сабырлық сақта” өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кеш соңын топ менеджерлері Алихан мен Алтынай қорытындылап,Айдын атаға бүгінгі ерекше, тағылымы зор әңгімесі үшін алғыстарын білдірді. Өскелең ұрпаққа Айдын Иманғалиұлы батасын беріп, кешке қатысқан ұстаздар жылы лебіздерін білдірді.
Бүгінгі шара ата-баба дәстүрінің жалғасын тауып, жас буынның рухани байлығын арттыруға бағытталған тамаша кеш болды