«238/30 Гвардиялық Қызыл ту Рига атқыштар дивизиясы» жылжымалы көрмесі
2024 жылдың 19 қараша күні Ерлік пен еңбек даңқ бөлімінің қызметкерлері «Экономикалық лицейі» КММ оқу орнында болды. Оқушылар «238/30 Гвардиялық Қызыл ту Рига атқыштар дивизиясы» жылжымалы көрмесімен танысты. Көрме 1941 жылы 17 наурызда Қазақстанда құрылған 238 атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолы туралы баяндайды. Дивизия штабы Семей қаласында орналасқан, 35 тәулік бойы 238 атқыштар дивизиясының жауынгерлері Мәскеу қабырғасының қасында тұрды. 1941 жылы 15 желтоқсанда Алексин қаласының маңында фашистік басқыншыларға қатты соққы жасалды. Мәскеу түбіндегі ұрыстардағы табысты жауынгерлік іс-қимылдары үшін Семей қаласында құрылған дивизия Қызыл Ту орденімен марапатталды. Көп ұзамай оған «гвардиялық» құрметті атағы берілді. Сондай-ақ оқушыларға фашистік Германияны жеңуге Семей халқының қосқан үлесі туралы айтылып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі музей жәдігерлері көрсетілді.