13
октябрь
2026
«Жас заңгер мектебі» білім беру жобасы
Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие, құқықтық мәдениет пен халықтың сауаттылығын арттыру, жастарды кәсіби бағдарлау, сондай-ақ қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету саласындағы мемлекеттік саясаттың қазіргі басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 8–11 сынып оқушыларына арналған «Жас заңгер мектебі» білім беру жобасын іске асыруды жалғастыруда.
Оқушылардың құқықтық ағартылуы мен кәсіби бағдарлануы тек білім беру міндеті ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуын, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың және заңды саналы түрде сақтауға, қоғам өміріне жауапкершілікпен қатысуға қабілетті ұрпақты тәрбиелеудің маңызды элементі болып табылады.
Жобаға қатысу оқушыларға мектепте оқу кезеңінің өзінде заңгерлік мамандыққа деген қызығушылығын саналы түрде айқындауға және болашақта Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын жоғары білім алатын орын ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту екі форматта жүзеге асырылады — Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында офлайн және қашықтан оқыту көзделген, бұл Қазақстанның барлық өңірлерінен оқушылардың жобаға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.