Лицейге қабылдау туралы » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицейі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
» » Лицейге қабылдау туралы
22
май
2019

Лицейге қабылдау туралы

Құрметті ата-аналар! 

      2019-2020 оқу жылына оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін 5-сыныптарға қабылдау  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген  "Бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына", ҚР Білім және ғылым Министрлігінің2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі қағидаларына" және "Экономический лицей" КММ Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. 

    Қазақ және орыс тілінде оқитын 5-сыныптарға жазылу 2019 жылдың 01 маусымынан басталады. 

Лицей Жарғысының 45-тармағына сәйкес қабылдау, сыныптан сыныпқа көшіру мен мектептен шығару оқушының оқу үлгерімінің көрсеткіштері (рейтинг балы) бойынша лицей педагогикалық кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады. 

Сондықтан  қабылдау табель рейтингісі бойынша жүзеге асады. Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсыну қажет: 

1. Мектеп директорының қолымен және мөрімен расталған  4-сынып үшін табельдің  көшірмесі. 

2. Мектеп директорының қолымен және мөрімен расталған,   Күнделік электрондық жүйесінен  алынған 4-сынып үшін  табельдің баспа слабовидящих. 

3. 4-сынып үшін Мақтау қағазының түпслабовидящих (оқу үздіктері үшін). 

 

2019-2020 оқу жылында қабылдау тек 5-сыныптарға ғана жүргізіледі: 

А) оқыту қазақ тілінде жүргізілетін  2 сынып (25 адамнан, барлығы  -  50 адам) 

Ә) оқыту орыс тілінде жүргізілетін  2 сынып  (25 адамнан, барлығы  - 50 адам). 

 Ескертпе: "Оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерінің " 8-тармағына  сәйкес  сыныптардың толымдылығы 25  адамнан аспайды. 

 

Сыныптардағы оқушылар саны толық болғандықтан,  6,7,8,9,10,11-сыныптарға қабылдау жүзеге асырылмайды. Бұл мәселеге қатысты 20 тамыздан кейін толық білуге болады. 

 

 
Қабылдау комиссиясы