Экскурсия » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицейі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
25
сентябрь
2019

Экскурсия

24.09.2019 ж. Семей қаласныңКөлік колледжінің студенттері ШҚО "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы филиалының маманы А. В. Люйдіңбасшылығымен Экономический лицейдің оқушыларынакәсіптік бағдар беру мақсатында "Семей кеме жасау-кеме жөндеу зауыты" ЖШС және "Су жолдары" кәсіпорнына экскурсия жүргізді. Бұл іс-шара алғаш рет өткізілді. 

Кәсіпорын өзінің: үлкен аумағымен, доктар, ондағы жүргізіліп жатқан  кемелерді жөндеу және жаңғырту жұмыстарымен, ірі көлемді көтергіш крандары, түрлі функционалды кемелерімен лицей оқушыларына әсер қалдырды. Курсанттар кеменің қалай жасалып, қалай жөндеу жүргізілетінін айтып, кейбір өндірістік үрдістерді тәжірибеде көрсетті. 

Экскурсия барысында балалар өз ісінің кәсіпқой мамандарымен танысты. Сонымен қатар, лицей оқушыларын қызықтырған "Земснаряд"атты арнайы кеме болды. Бұл кемемен өзендерді "емдеу" жұмысын жүргізетінін, ол өзендегі су таза болуы үшін топырақ түбінен соратын үлкен «шаңсорғыш»  екенін айтып, балалардың қызығушылығын арттырды. 

         Қызықты экскурсия лицей оқушларын зауытта жұмыс істейтін адамдардың мамандықтарымен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар балаларға қаланың экономикасы үшін кәсіпорынның қандай маңызы бар екенін көрсетті.