«Көшпелі алтын» – тек адамның ұшқыр қиялынан туған шығарма емес. » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицейі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
» » «Көшпелі алтын» – тек адамның ұшқыр қиялынан туған шығарма емес.
21
февраль
2024

«Көшпелі алтын» – тек адамның ұшқыр қиялынан туған шығарма емес.

1бөлім. Қазіргі уақытта көпшілік арасында «қазақтың ғылыми-фантастикасы енді ғана аяғынан тұрып келе жатыр» деген пікір тарап жүр. Алайда бұл «қазақтың арғы-бергі әдебиетінде фантастика жанры мүлде болмаған» деген ұғымды білдірмейтіні анық. Себебі XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде ғылыми фантастика жанрының іргетасын қалап және атаулы жанр негізінде өзінің озық туындысын елге паш еткен – Талапбек Сұлтанбеков. Айтылып отырған туынды – «Көшпелі алтын» әңгімесі.
«Көшпелі алтын» – тек адамның ұшқыр қиялынан туған шығарма емес. Неге десеңіз, әңгіменің мазмұнында қазақ халқының рухани құндылығы мен әр адамның бойында болуы тиіс адами қасиеттер кездеседі.
Әдеби туындыдағы адами құндылықтардың қатарын бастайын деп тұрған
қасиет – досқа деген жанашырлық. Бір саусақ – жұдырық емес демекші, Қажытай Сәменнің әр кез қасынан табылып, құпияны ашу жолында екеуі жұмыла күш біріктірді. Тіпті әуел баста Сәмен ағынан жарылып, Қажытайға өзін мазалап, түртпектеген мәселесімен бөліскенде, сөздеріне құлақ асып, сырын ешкімге жаймады. Ал жақын досының саяхатқа сапар шегуге бекінгенін естіп, оны Шайтантауға жападан жалғыз жіберуге жүрексініп, өзі де жік-жапар боп жабыса кетті. Ал бұл Қажытай барған тәукелге ешкім бел буа қоймас. Міне, бұл екі жас баланың бір-біріне деген шынайы достықтарының белгісі.