Аттестаттау ережелерінің жобасы талқыланды. » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аттестаттау ережелерінің жобасы талқыланды.
13
март
2024

Аттестаттау ережелерінің жобасы талқыланды.

2024 жылдың 11 наурызында «Экономикалық лицей» КММ-де лицей мұғалімдерімен ұжымдық жиналыс өтті, жиналыс барысында жаңа аттестаттау ережелерінің жобасы талқыланды.
Түсіндіру жұмысы кезінде аттестаттау барысына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ «Ұстаз» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың ұлттық платформасының іске қосылуы талқыланды, Сонымен қатар, әріптестердің назары ереже жобасының қосымшаларына аударылды: сабақты бақылау парақтары, портфолионы бағалау парағы сияқты жұмыстар бойынша түсіндірме жүргізілді.
Талқылау барысында мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтар:
«Неліктен 1,2 және жоғары біліктілік санатындағы мұғалімдер келесі оқу жылында ғана аттестациядан өтеді?».
«ПББ өтпелі кезеңінде не үшін оқыту әдістеріне байланысты сұрақтар бар, егер жаңа ережеде ол қарастырылмаған болса?
Аттестаттау мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанында бітетін мұғалімдер келесі аттестаттаудан қашан өтеді?».

11 марта 2024 года в КГУ “Экономический лицей” было проведено коллективное совещание с педагогами лицея, на котором обсуждался проект новых правил аттестации. В ходе разъяснительной работы шла речь о внесенных изменениях, а также о запуске Национальной платформы непрерывного профессионального развития педагога «Ұстаз», кроме того, внимание коллег было обращено на приложения к проекту правил: листы наблюдения уроков, лист оценивания портфолио. Во время обсуждения учителями были заданы вопросы :
“Почему учителя 1,2 и высшей квалификационной категории будут проходить аттестацию только в следующем учебном году?”
«В чем необходимость внесения в ОЗП в переходный период вопросов, касающихся методики преподавания, если в новых правилах это исключается?
В какой срок пройдут аттестацию педагоги, срок аттестации которых истекает на 31 декабря 2024 года?»