Құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу
19
октябрь
2023

Құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу

2023 жылдың 18 қазанында "Экономикалық лицейі" ҚММ-де құқық қорғау органдары өкілдері, облыстық мәслихат депутатының сенімді өкілі А .У. Жамбырбаева  10,11 сынып лицейістерімен кездесу өткізді. Бұл кездесудің мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу,ҚР Заңы мен Конституциясын сақтау болып табылады, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдерінің әкімшілік жауапкершілігі және құқық бұзушылықтар (14 жастан бастап ауыр және 16 жастан бастап ауырлығы орташа, жеңіл дәрежеде) қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жайында ақпарат берілді. Полицияның аға лейтенанты Талаптан Е  мектеп оқушыларына темекі , электронды темекі, психотроптық және есірткі заттарын, әсіресе синтетикалық есірткі мен алкогольдің зияны туралы және сол үшін жауапкершілікке тартылатындықтары жайында  айтып өтті.  Аға лейтенант Слямбеков Е.К. Абай облысындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың өсуі туралы статистиканы келтірді. Құқық қорғау органдарының өкілдері жасөспірімдер ортасында ұрыс-керіс , жанжал жиілеп бара жатқандығын , интернет-алаяқтарының көбейіп бара жатқандығын, буллинг, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз немесе оларды алмастыратын тұлғаларсыз түнгі сағат 10.00-ден кейін көшеде жүруінің  артып келе жатқанына ерекше назар аударды. Облыстық мәжілістің өкілі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауы туралы , онда экономика мен ұлттық саясат және осы салада инновацияларды енгізу қажеттілігі туралы және білім беру сияқты маңызды салалар туралы айтылғандығын жеткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында ұлттың болашағы өскелең ұрпақтың қолында екенін атап өтті.