Табиғатты аяла » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2025

Табиғатты аяла

Табиғатты аялау — әр адамның азаматтық борышы. Ағаш отырғызу мен сенбілік жасау — қоршаған ортаға деген қамқорлықтың жарқын көрінісі. Ағаштар ауаны тазартып, жерді эрозиядан қорғайды, ал сенбілік кезінде адамдар бірге бірігіп, өз қаласы мен ауласын таза ұстауға үлес қосады.

Мектебімізде көктем сайын сенбілік ұйымдастырылады. Мектеп ауласын тазалап, ағаш отырғызамыз. Бұл — тек еңбек емес, достық пен ұйымшылдықтың да көрінісі. Ол ағаш ертең көлеңке, таза ауа, әсем көрініс сыйлайды.
85 топ оқушылары барлықтарыңызды сенбілік өткізуге шақырады.
82 топ оқушылары сенбілікке шығып , мектеп ауласын тазартып, ағаш егіп өз үлестерін қосты.  
86 топ оқушыларының сенбілікке шығу сәтінен.
Еліміздің болашағы - біз сияқты жас өрендердің қолында.
Отанымыздың әр жері таза, әдемі , жап-жасыл болуы әр қайсымыздың қолымыздан келетіні сөзсіз
81 топ оқушылары
Бүгіні мен ертеңіне алаңдаушылықпен қарайтын, лицейіміздің ұл-қыздары ағаш егіп, абаттандыру жұмыстарымен айналысты.Жарқын болашақ табиғат ананы қорғаумен басталады.