14
февраль
2025
14 ақпан - кітап сыйлау күні









Бүгін Экономикалық лицейдің оқушылары бұл ерекше күнді атап өтіп, мектебіміздің кітапханасына жаңа кітаптар сыйлап, білім ордасының қорын толықтыруға өз үлестерін қосты. Кітап – тек жазылған сөздер ғана емес, ол – білімнің, жаңалықтың бастауы, рухани байлықтың көзі!
Әр кітап – жаңа әлемнің есігін ашып, әр парақ – жаңа білімге жол ашады. Кітапхана сөрелерінде пайда болған жаңа туындылар оқырмандардың таным көкжиегін кеңейтіп, олардың ізденісін арттырады.
«Кітап – ақылдың көзі, білімнің шыңы!»
Бұл тамаша бастама өз жалғасын тапсын! Баршаңызды білімге деген сүйіспеншілікті арттырып, кітап сыйлау ісіне атсалысуға шақырамыз!
112 топ