«Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі
15
декабрь
2024

«Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі

Мен Қуанышев Әділхан Семей қаласындағы экономикалық лицейдің 53-ші топ оқушысымын.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі бойынша өз жетістіктерімді назарларыңызға ұсынамын.
Мен математика пәнін қызыға оқимын. Математика пәнінен олимпиададан қалалық кезеңнен 1-ші орын алып, облыстық кезеңге жолдама алдым. Сондай-ақ менің ең сүйікті олимпиадам ол «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы. 2023-2024 оқу жылында мен «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңінен 3-ші орын алдым. Биыл да мектепішілік және қалалық кезеңдерден 1-ші орын алып, облыстық кезеңге жолдама алдым.
«Үздік ғылыми жоба авторы» республикалык ғылыми жобалар байқауына «Зерде» номинациясы бойынша катысып, женімпаз атандым.
Мен мектептен тыс уақытымда әртүрлі спорт түрлерімен шұғылданамын. Шахмат және тоғызқұмалақ ойнағанды жақсы көремін. Үнемі әр түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындар алып жүрмін.
Сондай-ақ мен киокушинкай каратэ спорт түрімен айналысамын. Жаттықтырушымның қолдауымен үнемі жарыстарға қатысып, қалалық, облыстық, республикалық жарыстардан жеңістерге жетіп жүрмін.
Әр жетістігіміздің артында үлкен еңбек және қолдау бар. Менің осы жетістіктерім ата-анамның, ұстаздарымның қолдауы мен сенімінің арқасында жүзеге асты деп толық сеніммен айта аламын.
“Ел үшін еңбек – шынайы жетістік!” Әрбір жетістік – өз еліме жасаған бір қадамым. Елімнің абыройын асқақтатып, әлемге қазақтың рухын таныту – менің басты мақсатым. Барлық жеңісімді Қазақстанымның жарқын болашағына арнаймын!

81 топ оқушыларының жетістіктерімен таныс болыңыздар!
Әрбір жеңісін еліне арнайтын нар тұлғалы жігіттеріміз көбейе берсін!

"Жетістігімді еліме арнаймын" челленджіне қатысушылар: 104-топ лицеисі Завалова Алина, 82-топ оқушысы Жанат Нұрзат, 93-топ оқушысы Өркен Шахнұр, 95-топ оқушысы Ширшова Дарья, 83-топ оқушысы - Акимеева МединаАлтынбек Әлихан, Ардақұлы Алишат 71-топ оқушылары, 72 топ оқушысы Совет Нұрмұхаммед, 84 топ оқушысы-Газиз Амирлан, 52-топ оқушысы Жанарбеков АнуарБағлан Мұхаммед 56-топ оқушысы.