"Smart bala" жобасы » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ноябрь
2024

"Smart bala" жобасы

"Smart bala" жобасы аясында білім алушылардың бойына цифрлық білім ресурстарын дамыту мақсатында "Цифрлық дәуірде білім алу: Қызықты сабақтар құпиясы" тақырыбында шебер-сынып өтті. Шебер-сынып кезінде 9-сынып оқушылары лицейдің ұстаздар қауымын әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабаққа қолдануға болатын бағдарлама түрлеріне үйретті.

Smart bala жобасын іске асыру мақсатында 93-топ оқушысы Рымғазықызы Айзере ойын және білім беру әдістері арқылы балалардың шығармашылығы мен дағдыларын дамытуға бағытталған Joyteka бағдарламасының жалпы интерфейсі және де қолданысы туралы өз білімімен бөлісуде. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - шығармашылық ойлауды дамыту;
Қарым-қатынас және командада жұмыс істеу дағдыларын нығайту;
Міндеттерді өз бетінше шешу қабілетін қалыптастыру;
Ұсақ моториканы және қозғалысты үйлестіруді жақсарту;

Genially- сабағыңызды жандандыруға септігін тигізетін креативті ойындардың тіргегі, интерактивті контент жасауға арналған мүмкіндіктерге бай платформа.
93 топ оқушысы - Алмасқызы Ажар
Жетекшісі: Қайырбекова Ляззат Қайырбекқызы