30
апрель
2026
«Жасыл апта» республикалық экологиялық челлендж
«Жасыл апта» республикалық экологиялық челленджі аясында Экономикалық лицей оқушылары табиғатты қорғау бағытында игі іске өз үлестерін қосты 🌿Аталған шара барысында білім ордамыздың оқушылары белсенділік танытып, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты. Бұл тек бір күндік акция емес, жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі 💚
Ағаш отырғызу – болашаққа салынған инвестиция. Әрбір отырғызылған көшет – таза ауа, жасыл орта және келер ұрпаққа қалдырылатын баға жетпес мұра. Осындай игі бастамалар арқылы оқушылар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатты аялаудың маңыздылығын терең түсінеді 🌍
Экономикалық лицей ұжымы алдағы уақытта да табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық сананы арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді. Себебі табиғат – біздің ортақ үйіміз, ал оны қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз 🌳
"#ЖасылАпта
#ЖерЕлшілері
#Жасылклубтар
#ТазаҚазақстан
#ТабиғаттыҚорғайық