01
март
2026
«Алғыс айту» күніне орай Экономикалық лицей оқушыларымен онлайн форматта мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор сабақ өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бір-біріне, ата-анаға, ұстаздарға және қоршаған ортаға деген ризашылық сезімін арттыру, сыйластық пен құрмет құндылықтарын насихаттау.
Сабақ барысында оқушылар алғыс сөздің маңыздылығы туралы ой бөлісіп, шынайы алғыс білдірудің адам өміріндегі рөліне тоқталды. Сонымен қатар, өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Алғыс айту – ізгіліктің, адамгершіліктің және кең пейілділіктің белгісі. Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың бойында мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін қалыптастыратыны сөзсіз.