Жеңіс тұғыры – табандылық пен білімнің нәтижесі! » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Экономикалық лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-75-15
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-03-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жеңіс тұғыры – табандылық пен білімнің нәтижесі!
24
февраль
2026

Жеңіс тұғыры – табандылық пен білімнің нәтижесі!



🔥 Жеңіс тұғыры – табандылық пен білімнің нәтижесі! 🔥

Ақпан айының 23-і күні Республикалық дебат турнирінің іріктеу кезеңінде, Абай облысы білім басқармасының “Семей қаласы білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен оқушылар арасында қалалық пікірсайыс турнирінде лицейіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті 🔥👏🏻

🏆 Қазақ лигасы бойынша І орын –
101 топ: Жұмағали Меруерт,
91 топ: Ерсайынова Айзере, Қызыр Алтынай.

Команда облыстық турнирге жолдама алды! 🚀

✨ Сонымен қатар, “Үздік спикер” номинациясын 101 топ оқушысы Жұмағали Меруерт иеленді!

🌍 Ағылшын лигасы бойынша ІІ орын –
92 топ: Төлеуханова Сальсабиль,
102 топ: Бейбітбекова Айша, Даумбаева Асылжан.

👩🏻‍🏫 Жетекшісі: Айгерім Талғатқызы

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 💙
Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
Лицей абыройын асқақтата беріңіздер! ✨🔥