27-қаңтар күні Астана қаласында Азия және Африка елдері бойынша ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РЕКОРДТАР GBR (GLOBAL BEST of RECORDS) кітабының тұсаукесері өтті. Аталған салтанатты жиынға «Аламан құрақ» жобасы аясында 1366,8 шаршы метр аумақты қамтыған құрақ көрпе тігуге қатысқан 660 құрақшының бірі лицейіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі Абеуова Дидар Темирбаевна шақырту алып, дүниежүзілік рекордтар кітабы мен арнайы төсбелгімен марапатталды. Ұстазымызды құттықтай отырып, еңбегіне шығармашылық табыстар тілейміз!💐