14
январь
2026
МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!
Семей қаласындағы «Экономикалық лицейдің» математика пәні мұғалімі Абишов Нұрат Нұрғазыұлының кезекті жарқын жеңісін мақтанышпен хабарлаймыз!
Бұған дейін Нұрат Нұрғазыұлы математика және информатика мұғалімдерінің V облыстық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетіп, «Semeymath» математика мектебі мен «Erudit Group» білім беру орталығының атынан IMPACT халықаралық олимпиадасына қатысу жолдамасын (сертификатын) иеленген болатын.
Жуырда өткен беделді IMPACT халықаралық математика мұғалімдерінің олимпиадасында Нұрат Нұрғазыұлы өзінің кәсіби шеберлігі мен терең білімін дәлелдеп, жүлделі III орынды иеленді.
Ұстазымызды осынау биік белесімен құттықтаймыз! Шәкірттеріңіздің жетістігі артып, еңбегіңіз жана берсін!