Лицеистердің халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуы » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицейі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
» » » Лицеистердің халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуы
15
апрель
2019

Лицеистердің халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуы

2019 жылдың 14 сәуірнде Новосибирск қаласында Новосібір мемлекеттік университетінің базасында 57-ші Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, оған Ресей мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының студенттері, жоғары сынып оқушылары қатысты. Конференцияның іштей турына қатысуға 300-ге жуық қатысушы жіберілді. "ШҚО Семей қаласының білім бөлімі" ММ    "Экономический лицей" КММ лицейінің 10 - сынып оқушыларыда конференцияның екінші кезеңіне жіберілді.  "Химия" секциясында 10- сынып оқушылары Исатай Карина мен Сайджамол Мухаммади "Хитозан негізінде күмістің нанобөлшектерінің синтезі және оларды медициналық мақсатта пайдалану перспективалары" атты ғылыми-зерттеу жобасын ұсынды. Оқушылардың жетекшісі -жоғары санатты химия мұғалімі Мурсалимова Ольга Викторовна. "Мемлекет және құқық" секциясында "Экстремизм қазіргі әлемдегі әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде" тақырыбында баяндама жасаған 10 -сынып лицеистері Жансаитов Елдар мен Станкин Сергей үшінші орынға ие болды. Бұл жобаны жоғары санатты тарих және дінтану мұғалімі Искакова Равиля Надильевна жетекшілігімен орындады.  Оқушылардың баяндамалары Новосібір мемлекеттік университетінің ғалымдары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, талдау сұрақтары қойылды, оқушылар оларға лайықты жауап бере алды. Жоғары сынып оқушыларының осындай форматтағы іс-шараларға қатысуы -үлкен тәжірибе, баланың өз зерттеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді,бұл басқа елдердегі құрдастарымен зияткерлік қарым-қатынас жасаудың тамаша мүмкіндігі. Лицей оқушылары мен олардың тәлімгерлеріне қызықты идеялар мен жобалар, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!