АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ » КГУ "Экономический лицей"
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Экономический лицейі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-75-15
Бухгалтерия
+7(7222) 36-03-11
Версия для
слабовидящих
22
февраль
2020

АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ

Биылғы жылдың ақпан айының 15-16-сы күндері Алматы қаласында қазақтың бас ақыны  Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына  орай «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен І республикалық «АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ» атты байқауға Экономический лицейдің 5-6-сынып оқушылары қатысып келді. Байқау екі бағытта өтті. Біздің оқушылар  «Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі афоризмдерді талдау олимпиадасы» бағытына қатысып, бақ сынасты. Олимпиада   қорытындысы бойынша Аханова Балауса (62-топ) І орын, Слям Айзат (62-топ) ІІ орын, Худайкулов Сұлтанбек (63 топ) ІІ орын, Асылғазы Жәнібек  (61-топ) ІІ орын, Әділбеков Әлинұр (61-топ) ІІ орын,  Мұзаффарова Маджида (51-топ) ІІІ орын,Абдраимова Айдана (61-топ) ІІІ орын, Дюсенғазы Санжар (61-топ) ІІІ орын, Тұрсын Шәкәрім (63-топ) ІІІ орынға ие болды. Барлық оқушылар «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының арнайы лауреаттық дипломдарымен  марапатталып,  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «ТӨСБЕЛГІ» мен бағалы сыйлықтарға ие болды.  Сонымен қатар байқауға шәкірт дайындап қатыстырған ұстаздары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С. Аманбаеваға «АЛҒЫС ХАТ» берілді.